Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      21°C
Ру

Тоқаев жаңа заңдарға қол қойды

Фото көзі: Фото: Акорда
ZontNews.kz
Маусым 11, 2026, 10:10 Т.Ж.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Олардың қатарында арнаулы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіруге бағытталған заң, ЕАЭО-ның бірыңғай кедендік транзит жүйесі туралы келісімді ратификациялау және Қазақстан мен Оман арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі келісім бар.

Жаңа өзгерістер арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын күшейтіп, қызмет өткеру тәртібін жетілдіруге бағытталған. Ал кедендік транзит туралы құжат Қазақстан арқылы жүк тасымалын арттырып, елдің транзиттік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Қазақстан мен Оман арасындағы келісім инвестициялық ахуалды жақсартып, екі ел резиденттерінің табысына қосарланған салық салуды болдырмауды көздейді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Мақалада:

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз