Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    26°C
    • Астана
      22°C
Ру

Тоқаев Венесуэладағы жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Фото көзі: © AP / Ariana Cubillos
ZontNews.kz
Маусым 26, 2026, 9:30 Т.Ж.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандарға байланысты ел президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы ZontNews.kz. Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Президент табиғи апат салдарынан көптеген адамның қаза тауып, жарақат алғанына байланысты қайғыға ортақ екенін жеткізді.

«Осындай ауыр кезеңде қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Венесуэла халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келіп, болаттай берік болуын, ал жарақат алған азаматтардың тез арада сауығып, отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін», – делінген жеделхатта.

Еске салайық, 25 маусым күні Атлантика уақыты бойынша сағат 18:05-те Венесуэла жағалауында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Табиғи апаттан кейін ел президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес Венесуэлада төтенше жағдай жариялады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, жойқын жер сілкінісінен кемінде 32 адам қаза тауып, 700-ден астамы жарақат алған. Зардап шеккендер мен көз жұмғандар саны әлі де артып жатқаны хабарланды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз