Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -2°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Тоқаев сөзінің негізгі тезистері

Фото көзі: : Ақорда
ZontNews.kz
Там. 28, 2026, 3:22 Т.Қ.
  • Құрылтайға айрықша жауапкершілік жүктеледі. Депутаттар халық аманатына адал болып, мемлекет мүддесіне қызмет етуге тиіс.
  • Қазақстан жаңа саяси кезеңге қадам басты. Президент жаңа Конституция мемлекеттік құрылымды жаңғыртып, азаматтардың ел басқару ісіне қатысуына мүмкіндік беретінін айтты.
  • Құрылтайдың өкілеттігі кеңейді. Депутаттар биліктің атқарушы және сот тармақтарын қалыптастыруға қатысады, Үкіметке сенімсіздік білдіре алады.
  • Саяси партиялардың ықпалы артады. Болашақта партиялардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлі күшейе түспек.
  • Қазақстан – «орта державалар» қатарында. Тоқаев әлемдегі тұрақсыздық жағдайында өңірлік ұйымдар мен орта державалардың маңызы артып келе жатқанын атап өтті.
  • Жасанды интеллект жаңа қауіп тудыруы мүмкін. Президент болашақта ЖИ құралдары ядролық қарудың орнын басуы ықтимал деген болжам барын айтты.
  • 16 жасқа дейінгі балаларды әлеуметтік желілерден қорғау қажет. Президент олардың әлеуметтік желіде тіркелуіне тыйым салатын заң жобасын қарауды ұсынды.
Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз