Тоқаев пен Путин Бішкекте кездеседі
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин 1 қыркүйекте Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында жеке кездесу өткізеді. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Қазақстан мен Ресей басшылары бұған дейін 25 шілдеде Омбыда өткен ынтымақтастық форумында кездескен. Алайда сол жолы талқыланбай қалған бірқатар мәселе Бішкектегі келіссөзде қарастырылмақ. Әзірге кездесудің нақты күн тәртібі жарияланған жоқ.
1 қыркүйекте Қырғызстан астанасында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы және «ШЫҰ плюс» форматындағы кездесу өтеді. Саммитке Қазақстан, Ресей, Қытай, Иран, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан және басқа да елдердің өкілдері қатысады.
Жиында қауіпсіздік, жасанды интеллект, климат, энергетика, төтенше жағдайлар кезіндегі ынтымақтастық және синтетикалық есірткіге қарсы күрес мәселелері бойынша бірқатар құжат қабылдануы мүмкін. Владимир Путин Бішкекте Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен және Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен де жеке кездесуді жоспарлап отыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз