Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне арналған Ту көтеру рәсіміне қатысты
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалдық кешенінде өткен Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалып, көк Ту көтерілді. Президент жиналған қауымды мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігі мен ұлттық бірліктің басты нышаны екенін атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, Елтаңба – елдіктің белгісі, Әнұран – азаттықтың үні, ал Көк Ту – Тәуелсіздіктің символы. Сондай-ақ ол қазақ халқының тарих бойы бір тудың астына бірігіп, ынтымақ пен бірлікті сақтап келгенін айтты.
Президент бүгінде Қазақстанның ауызбіршілігін нығайтып, тұрақты даму жолында сенімді қадам жасап келе жатқанын жеткізді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз