Қарин тағайындалып, Бектенов қызметінде қалды
Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті қызметіне тағайындалды. Ал Олжас Бектенов премьер-министр лауазымында қалды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Ерлан Қариннің кандидатурасын Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарына ұсынды. Мемлекет басшысы оның мемлекеттік басқару саласында мол тәжірибесі бар екенін және елдің стратегиялық даму бағытын жақсы түсінетінін атап өтті.
Ерлан Қарин бұған дейін «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасы, Президенттің кеңесшісі мен көмекшісі, Мемлекеттік хатшы және Мемлекеттік кеңесші қызметтерін атқарған. 2026 жылғы маусымнан бері Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды.
Сонымен қатар Олжас Бектенов Қазақстанның премьер-министрі қызметінде қалды. Ол Үкіметті 2024 жылғы ақпаннан бері басқарып келеді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз