Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -2°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Тоқаев: Білім мен ғылымды дамыту – Қазақстанның стратегиялық басымдығы

Фото көзі: : Ақорда
ZontNews.kz
Там. 26, 2026, 2:33 Т.Қ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымын дәстүрлі Тамыз конференциясының ашылуымен құттықтады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Президент жиын барысында Қазақстанның әр өңірінен келген ұстаздарға алғысын білдіріп, мұғалім еңбегінің ел болашағы үшін маңызын атап өтті.

«Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі. Бұл – нағыз ақиқат», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, ұстаздар жас ұрпаққа сапалы білім беріп қана қоймай, саналы, озық ойлы және отаншыл азаматтарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосып келеді.

«Ұстазды ұлықтаған елдің келешегі жарқын болары айдан анық», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Тамыз конференциясы елдегі ауқымды өзгерістер кезеңімен тұспа-тұс келгеніне назар аударды.

Президенттің айтуынша, жаңа Конституцияда алғаш рет білім саласына ерекше мән беріліп, адам капиталын дамыту, білім мен ғылымды, сондай-ақ инновацияны қолдау мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалған.

«Адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамыту еліміздің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды», – деді Мемлекет басшысы.

Президент Үкімет пен уәкілетті министрлікке конференция барысында көтерілген мәселелер мен ұсыныстарды тұрақты түрде назарда ұстауды тапсырды.

Оның пікірінше, білім беру саласын дамыту – еліміздің ұзақ мерзімді дамуы мен бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудың маңызды шарты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз