Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -2°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Тоқаев АҚШ Конгрессінің мүшелерімен кездесті

Фото көзі: : Ақорда баспасөз қызметі
ZontNews.kz
Там. 26, 2026, 10:35 Т.Ж.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Өкілдер палатасының Бюджет және салық жөніндегі комитетінің төрағасы Джейсон Смит бастаған Конгресс мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Кездесуде Қазақстандағы саяси жаңғыру, бір палаталы Құрылтайдың құрылуы, сондай-ақ қазақ-америка стратегиялық серіктестігін нығайту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға тоқталып, АҚШ-пен сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды, жоғары технология, ғылым, білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті.

Өз кезегінде Джейсон Смит АҚШ Президенті Дональд Трамптың сәлемін жеткізді. Оның айтуынша, Трамп Қазақстан мен АҚШ арасындағы сенімді қарым-қатынасты жоғары бағалайды.

Сондай-ақ Джейсон Смит алдағы уақытта екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерін талқылауға ниетті екенін айтты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз