Тоқаевтың жаңа өкімі: Бибігүл Төлегенова мен Олжас Сүлейменовке мемлекеттік стипендия берілді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек биылғы тізімге есімдері елге танымал аға буын өкілдері мен дарынды жас мамандар енген.
Биылғы тізімге еліміздің рухани дамуына еңбегі сіңген 75 қайраткер енді.
Әдебиет қайраткерлері: Марфуға Айтхожа, Серік Ақсұңқар, Дидар Амантай, Әлібек Асқар, Зейнеп Ахметова, Төлен Әбдікұлы, Ахмет Аширов, Ақұштап Бақтыгереева, Әлия Бөпежанова, Заида Елғондинова, Смағұл Елубаев, Алтыншаш Жағанова, Ғалым Жайлыбай, Төлеген Жанғалиев, Мырзатай Жолдасбеков, Бибігүл Иманғазина, Нұртас Исабаев, Ғаббас Қабышұлы, Дәурен Қуатов, Роза Мұқанова, Светқали Нұржан, Бексұлтан Нұржекеев, Тынымбай Нұрмағанбетов, Айзада Рақымжанова, Қойшығара Салғараұлы, Гүлнәр Салықбаева, Олжас Сүлейменов, Серік Тұрғынбекұлы, Тұрсынжан Шапай.
Өнер майталмандары: Ерлан Айтуаров, Ермек Асылханов, Шайза Ахметова, Күлжахан Әспетова, Шәміл Әбілтай, Қайрат Байбосынов, Раушан Байсейітова, Геннадий Балаев, Айжан Бекқұлова, Әсия Беркенова, Нэлли Бубэ, Жүрсін Ерман, Самал Еслямова, Айтқали Жайымов, Ілия Жақанов, Базарғали Жаманбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Лариса Жанпейісова, Досхан Жолжақсынов, Жанғали Жүзбай, Пантелей Кесоглу, Юрий Клушкин, Валерия Крымская, Хорлан Қалиламбекова, Зарема Қастеева, Қуандық Қасымов, Балнұр Қыдырбек, Камилла Ли, Екатерина Максим, Жандарбек Мәлібекұлы, Фархат Молдағали, Мария Мудряк, Алтыншаш Мұқатаева, Майра Мұхамедқызы, Нүкетай Мышбаева, Валерия Недлина, Алтынай Нұрбек, Нұрғали Нүсіпжан, Есмұхан Обаев, Сәбит Оразбаев, Меруерт Өтекешева, Гүлвер Разиева, Махинур Рахманова, Бәзіл Сұлтанғазы, Мұқанғали Томанов, Бибігүл Төлегенова.
Бұл тізімдегі тұлғалардың басым бөлігі «Қазақстанның Халық жазушысы», «Халық әртісі» атақтарының иегерлері және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары. Сонымен қатар «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері мен халықаралық байқаулардың жүлдегерлеріне де айрықша қолдау көрсетілген.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз