Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    13°C
    • Астана
      16°C
Ру

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітім келісімін қолдады

Фото көзі: : ашық дереккөздерден
ZontNews.kz
Сәуір 8, 2026, 8:49 Т.Ж.
0
17

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы әскери қақтығысты тоқтату жөніндегі келісімді құптайтынын білдірді, деп хабарлайды ZontNews.kz. мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Қазақстан Президенті Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф пен елдің Қарулы күштері бас қолбасшысы Асим Мунир арағайындық еткен келіссөздердің нәтижесінде қол жеткізілген бітімді оң бағалайды.

Ақорданың мәліметінше, келісім Дональд Трамп бастаған АҚШ тарапы мен Иран басшылығының, сондай-ақ қақтығысқа қатысушы елдердің өзара түсіністігі мен саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болған.

Президент бұл келісімнің ұзақ мерзімді сипат алып, әлемдік сауда мен жаһандық экономиканың тұрақты дамуына оң әсер етеді деген үміт білдірді.

Бұған дейін АҚШ пен Иран екі аптаға атысты тоқтату туралы уағдаласқаны хабарланған. Исламабад қаласында өтетін келіссөздер 10 сәуірге жоспарланған.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы әскери қақтығысты тоқтату жөніндегі келісімді құптайтынын білдірді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Оның айтуынша, Қазақстан Президенті Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф пен елдің Қарулы күштері бас қолбасшысы Асим Мунир арағайындық еткен келіссөздердің нәтижесінде қол жеткізілген бітімді оң бағалайды.

Ақорданың мәліметінше, келісім Дональд Трамп бастаған АҚШ тарапы мен Иран басшылығының, сондай-ақ қақтығысқа қатысушы елдердің өзара түсіністігі мен саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болған.

Президент бұл келісімнің ұзақ мерзімді сипат алып, әлемдік сауда мен жаһандық экономиканың тұрақты дамуына оң әсер етеді деген үміт білдірді.

Бұған дейін АҚШ пен Иран екі аптаға атысты тоқтату туралы уағдаласқаны хабарланған. Исламабад қаласында өтетін келіссөздер 10 сәуірге жоспарланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз