Тоқаев пен Путин Кремльде бейресми кездесті
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік мемлекеттік сапармен Ресейге барды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Кездесу барысында Ресей президенті Владимир Путин екі ел басшылары үнемі байланыста болғанымен, бетпе-бет кездесулердің де маңызы зор екенін атап өтті.
«Бүгін бейресми жағдайда отырып, екіжақты қатынастарға қатысты маңызды мәселелерді талқылаймыз. Ертең әріптестермен бірге күн тәртібіндегі барлық бағытты қарап, болашаққа көз жүгіртеміз. Сізді көргеніме қуаныштымын. Қош келдіңіз», – деді Путин.
Тоқаев жылы қабылдау үшін ризашылығын білдірді.
«Біз ынтымақтаспайтын сала жоқ деуге болады. Мемлекеттер арасында елеулі мәселелер жоқ. Егер олар пайда болса, бұл табиғи жағдай, ал шешімін мемлекет басшылары мен үкіметтер бірлесе табады», – деді ол.
Ресми кездесуден және кешкі астан кейін Путин Тоқаевты өз резиденциясына шайға шақырды. Бұл туралы журналист Александр Юнашев «бұған дейін мұндай шақыру санаулы адамға ғана жасалған, олардың қатарында Қытай басшысы да бар» деп жазды.
Кейін Кремльде өткен бейресми әңгіме екі жарым сағатқа созылды. Кеш соңында Путин Тоқаевқа алғысын айтып, сәтті кеш тіледі.
Мәскеуде Тоқаевтың ресми сапары жалғасады. Бағдарламада келіссөздер өткізу және бірнеше құжатқа қол қою көзделген.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз