Тоқаев: елдегі өзгерістер Конституцияны жүйелі жаңартуды талап етеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиында 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер қарастырылуда, деп хабарлайды ZontNews.kz
Мемлекет басшысы өз сөзінде ұсынылып отырған өзгерістердің ауқымы жекелеген түзетулермен шектелмейтінін айтып, негізгі заңды кешенді түрде жаңарту қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, Конституция жобасы – кең қоғамдық талқылаудың нәтижесі және ел дамуының жаңа кезеңін айқындайды.
Президент соңғы жылдары жүргізілген саяси реформалар Қазақстанның суперпрезиденттік басқару үлгісінен біртіндеп бас тартып, ықпалды әрі беделді парламенті бар президенттік республикаға бет алғанын көрсетті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев реформалардың өзегінде «мемлекет – халық үшін» қағидаты бекітілгенін атап өтті. Бұл бағытта Қазақстан 2019 жылдан бері жүйелі әрі тұрақты ілгерілеу жасап келеді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз