Тоқаев дәстүрлі емес қатынастарды насихаттауға тыйым салатын заңға қол қойды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев архив ісі мен құқыққа қайшы контентті шектеуге бағытталған заңнамалық түзетулерді бекітті, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Жаңа құжат қоғамдық кеңістікте, бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн-платформаларда педофилия мен дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттайтын ақпаратты таратуға ресми түрде тыйым салады.
Билік бұл нормаларды өскелең ұрпақтың денсаулығы мен психикалық дамуына зиян келтіретін мазмұннан қорғау шарасы деп түсіндіреді. Заң мәтіні ресми жарияланғаннан кейін күшіне енбек.
Бұл заң жобасы желтоқсан айының басында Сенатта мақұлданған болатын. Құжат қоғам белсенділері мен халықаралық ұйымдар тарапынан бірқатар сынға ұшырады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше бұл бастама 2024 жылы көтерілген қоғамдық петицияның нәтижесінде дайындалған. Ведомство заң жобасының үкіметтік емес ұйымдармен және халықаралық сарапшылармен жан-жақты талқыланғанын алға тартты.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз