Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    15°C
    • Астана
      5°C
Ру

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айтпен құттықтады

Фото көзі: : Ақорда
ZontNews.kz
Наурыз 20, 2026, 9:13 Т.Ж.
0
4

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Мемлекет басшысы бұл күннің мұсылман қауымы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ораза айт – рухани тазару, сабырлық, қанағатшылдық пен өзара құрмет құндылықтарын дәріптейтін қасиетті мейрам.

Президент отыз күн бойы ораза ұстаған жандардың иманы күшейіп, төзімі шыңдалатынын, сондай-ақ бұл кезеңде адамдар бір-біріне қамқорлық танытып, мұқтаж жандарға көмек көрсететінін айтты. Сонымен қатар, ата дәстүр мен діннің ел бірлігін нығайтудағы рөліне ерекше тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Ораза айттың Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні зор екенін жеткізді. Ол бұл кезеңді елдің жаңа тарихи даму кезеңімен байланыстырып, конституциялық реформалардың қолдау тапқанын атап өтті.

Сөз соңында Президент барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке және табыс тілеп, ел тыныштығы мен бірлігінің нығая беруіне тілектестік білдірді.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз