Дүйсенбі, 23 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    17°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Тоқаев: Қазақстан суперпрезиденттік басқару моделінен біржола бас тартады

Фото көзі: Фото: Акорда
ZontNews.kz
Ақп. 10, 2026, 4:29 Т.Қ.
0
25

Қазақстан суперпрезиденттік басқару жүйесінен түбегейлі бас тартып, ықпалды парламенті бар президенттік республикаға көшу жолын жалғастырады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды ZontNews.kz 

Президенттің сөзінше, жаңа Конституция жобасына енгізілген нормалар «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына негізделген саяси реформалардың логикалық жалғасы болып табылады.

«Соңғы жылдардағы саяси өзгерістер Қазақстанның суперпрезиденттік басқару формасынан біртіндеп бас тартып, беделді әрі әсерлі парламенті бар президенттік республикаға бет алғанын көрсетеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ұсынылып отырған өзгерістер билік өкілеттіктерін қайта бөлуге, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін нығайтуға және саяси институттардың тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ жаңа Конституция жобасында «мемлекет – адам үшін» қағидаты нақты мазмұнмен толыққанын айтты. Бұл бағытта ел 2019 жылдан бері жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді.

Айта кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, вице-премьер – цифрлық даму және жасанды интеллект министрі Жасұлан Мәдиев және бірқатар өңір әкімдері баяндама жасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз