Теңге мен рубльге арналған жаңа келісім
Қазақстанның Ұлттық банкі мен Ресей банкі валюталық своп туралы келісімге қол қойды. Келісім көлемі 225 млрд теңге немесе 35 млрд рубльді құрайды. Құжат үш жыл мерзімге жасалған, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Ұлттық банктің мәліметінше, әрбір мәміленің мерзімі бір жылдан аспайды және операциялар нарықтық пайыздық мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі.
Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – екі елдің орталық банктері қажет болған жағдайда бір-біріне валюта беру туралы келісім. Яғни, Қазақстанға уақытша рубль қажет болса, Ұлттық банк Ресей Банкінен рубль ала алады. Ал Ресейге теңге қажет болған жағдайда, олар Қазақстан тарапынан теңге алады.
Мамандардың айтуынша, валюталық своп – орталық банктер арасындағы кең таралған қаржылық құралдардың бірі. Ол қаржы нарығындағы тұрақтылықты сақтауға және өтімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз