Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -2°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Телевизия ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Там. 28, 2026, 11:14 Т.Ж.

Қазақ телевизиясының ардагері, белгілі тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қаралы хабарды «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы жеткізді, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Тілеуқабыл Мыңжасар 1952 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 1975 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдап, сол жылы телевизия саласындағы еңбек жолын бастаған. Оның алғашқы хабары да осы кезеңде эфирге шықты.

Тәжірибелі журналист «Хабар» агенттігі құрылған күннен бастап еңбек етті. 1998 жылдан телеарнаның Алматы облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарып, отандық телевизияның дамуына елеулі үлес қосты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз