Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -2°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Танысбай мен Балаева қызметке тағайындалды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Там. 31, 2026, 5:34 Т.Қ.

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрайымы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Ләззат Танысбайдың телевизия саласында 30 жылдан астам еңбек өтілі бар. Ол әр жылдары «Астана» телеарнасын, «НҰР-Медиа» медиахолдингін, «Қазақстан» РТРК» АҚ мен «Еуразия» телеарнасын басқарды. Сондай-ақ Байланыс және ақпарат министрлігінде қызмет атқарған.

«Жинақталған кәсіби және басқарушылық тәжірибе “Хабар” агенттігі” АҚ-ны одан әрі жетілдіруге, қызметтің негізгі бағыттарын дәйекті жаңғыртуға және “24KZ” телеарнасының еліміздің жетекші қоғамдық-саяси телеарнасы ретіндегі рөлін арттыруға бағытталатын болады», – делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін агенттікті басқарған Кемелбек Ойшыбаев қызметінен босатылды.

Сонымен қатар Аида Балаева Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары деген жаңа лауазым енгізілетінін хабарлаған еді.

Сондай-ақ президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган – Қауіпсіздік кеңесінің аппараты құрылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз