Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      20°C
Ру

Талдықорғанда жоғалған бала өлі табылды

Фото көзі: : Евгений Каримов
ZontNews.kz
Мамыр 26, 2026, 12:36 Т.Қ.

Талдықорғанда із-түзсіз жоғалған 7 жастағы баланы іздеу жұмыстары қайғылы аяқталды. Сейсенбі күні таңертең баланың денесі Қаратал өзенінен табылды, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Жетісу облыстық полиция департаменті мәліметінше, баланың денесінен зорлық-зомбылықпен өлімнің айқын белгілері анықталмаған. Қазіргі уақытта оның жоғалу және қаза болу себептері тексеріліп жатыр.

Полиция марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Еске салайық, баланың жоғалғаны туралы хабарлама полицияға кешкі сағат 19:50-де түскен. Даму ерекшеліктері бар 7 жасар бала кешке үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Оқиғаға байланысты Талдықорған қаласындағы “Шығыс” шағын ауданы маңында ауқымды іздестіру жұмыстары жүргізілді. Іздеуге полиция қызметкерлері, кинологтар, төтенше жағдайлар қызметі мен еріктілер жұмылдырылған.

Құтқарушылар аулаларды, бос жатқан аумақтарды және Қаратал өзенінің жағалауын тексерген. Сонымен қатар іздеу аймағын кеңейту үшін жылувизоры бар дрон пайдаланылған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз