Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    15°C
    • Астана
      5°C
Ру

Талғарда адам өлтіргендерге үкім шықты: айыпталушы 25 жылға сотталды

Фото көзі: Кадр видео: instagram/advokat_saryyeva
ZontNews.kz
Наурыз 19, 2026, 4 Т.Қ.
0
7

Алматы облысының Талғар ауданында адам өлтіру және бала ұрлау дерегі бойынша сот үкімі шықты. Басты айыпталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ZontNews.kz. Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.

Қанды оқиға Қызылқайрат ауылында болған. Тергеу мәліметінше, күдікті күндіз көшеде 30 жастағы ер адамды атып өлтіріп, кейін оның үйіне кіріп, 2 жастағы баланы алып кеткен.

Іс Қаскелең қаласында қаралды. Судья Асқарбек Бейімбетовтың мәліметінше, айыпталушы Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылған. Алайда олардың бір бөлігі бойынша жәбірленуші тарап кешірім бергендіктен, жаза жеңілдетілген.

Сот үкімімен негізгі айыпталушы 25 жылға сотталды. Ал оның екі сыбайласы кәмелетке толмағанына және жәбірленушілердің кешірім беруіне байланысты 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Адвокат Гаухар Сарыева сотталушы қылмысты алдын ала жоспарлап, өзге қатысушыларды әдейі тартқанын айтты. Оның сөзінше, басты айыпталушы кәмелетке толмағандарға қару беріп, оларды қылмысқа қатыстырған.

Жәбірленуші тарап үкіммен келіспейтінін жеткізді. Олардың айтуынша, басты айыпталушыға өмір бойы жаза тағайындалуы тиіс болған. Сонымен қатар сот шешіміне сәйкес, негізгі сотталушы жәбірленушілерге 30 млн теңге, ал сыбайластарының әрқайсысы 15 млн теңгеден өтемақы төлеуге міндеттелді.

Айыпталушылар жазаны тым ауыр деп санаса, жәбірленушілер керісінше оны жеткіліксіз деп есептейді. Осыған байланысты тараптар апелляциялық шағым түсірмек.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз