Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    11°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Талғар ісі: өмір бойы жаза сұралды

Фото көзі: коллаж: Orda.kz
ZontNews.kz
Наурыз 3, 2026, 2:44 Т.Қ.
0
16

Талғар маңындағы Қызыл-Қайрат ауылында болған адам өлтіру, екі жасар баланы ұрлау және оған қатысты өзге де ауыр қылмыстар бойынша сот процесі аяқталуға жақындады. Мемлекеттік айыптаушы негізгі күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды ZontNews.kz 

Сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаттары – Гаухар Сариева, Жандос Палманов және Асылбек Әбдірайымов прокурор ұсынған жазаға келісетінін мәлімдеді. Олардың айтуынша, басты айыпталушыға ең қатаң жаза қолданылуы тиіс.

Іс бойынша сотталушылар қатарында отырған кәмелетке толмаған екі күдіктіге қатысты прокурор әрқайсысына 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды ұсынды. Бұған дейін топ болып алдын ала сөз байласу арқылы жасалған кісі өлтіру фактісі бойынша 9 жыл, ал адам ұрлау эпизоды бойынша 7 жыл 6 ай жаза сұралған. Алайда мемлекеттік айыптаушы соттан түпкілікті 9 жылдық жаза белгілеуді өтінді.

Негізгі айыпталушыға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 12 бабы бойынша айып тағылған. Атап айтқанда, адамдар тобы жасаған кісі өлтіру, кәмелетке толмағанды тарту арқылы адам ұрлау, жыныстық сипаттағы қылмыстар, алаяқтық, жеке өмірге қол сұғу, тұрғын үйге заңсыз кіру, қорқыту, қаруға қатысты заңсыз әрекеттер және өзге де баптар қамтылған.

Кәмелетке толмаған екі айыпталушыға адамдар тобы жасаған кісі өлтіру және бала ұрлау баптары бойынша айып тағылған.

Сот үкімі алдағы уақытта жарияланады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз