Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -2°C
    • Астана
      -2°C
Ру

«Сырымбет» кен орнында 380 млн теңге көлемінде залал анықталды

Фото көзі: Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
Zontnews.kz
Қыр. 2, 2026, 9:25 Т.Ж.

Солтүстік Қазақстан облысында «Сырымбет» кен орнына дейін теміржол кірме жолы мен инженерлік желілер салу кезінде 380 млн теңге көлемінде орындалмаған жұмыстар анықталды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Жоба 2017 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында басталған. Мемлекеттік сатып алу құны 1,4 млрд теңге болған. Құрылыс 2018 жылы аяқталуы тиіс еді, алайда мерзімі бірнеше рет ұзартылғанына қарамастан, нысан әлі пайдалануға берілмеген.

ҚМА мәліметінше, іс бойынша мердігер компанияның басшысы және облыстық басқарманың бұрынғы басшысы күдікті деп танылды. Сот санкциясымен үш пәтер мен автотұрақ орнына тыйым салынған.

Тергеу жалғасып жатыр. «Сырымбет» - Қазақстандағы жалғыз және Орталық Азиядағы ең ірі қалайы кен орындарының бірі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз