Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026 г.

$ 447.65
513.32
5.32
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      18°C
Ру

Студенттер сарайының шатыры құлады

Фото көзі: : threads.com/@rah1mzhanova
ZontNews.kz
Қыр. 24, 2026, 11:02 Т.Ж.

Алматыдағы Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының шатыры опырылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғимараттағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, нысандағы құрылыс конструкцияларының ұзақ жылдар бойы тозғанын айтты. Бұл туралы ZontNews.kz. NUR.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы тұрғындары өткен түні әлеуметтік желілерде Студенттер сарайының шатыры опырылғаны туралы фотолар мен жазбалар жариялаған. Кейбір қолданушылар ғимарат маңында қатты гүріл естіліп, шаң көтерілгенін жазды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметінің мәліметінше, Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының құрылысы 1985 жылы басталып, 1998 жылы аяқталған. Университет өкілдері ғимаратқа шамамен 30 жылға жуық уақыт бойы күрделі жөндеу немесе реконструкция жүргізілмегенін мәлімдеді.

Университеттің хабарлауынша, нысан ұзаққа созылған құрылыс санатына жатады. Құрылыс жұмыстарының соңғы кезеңі шаруашылық тәсілмен жүргізілген.

ҚазҰУ ғимаратты пайдаланушы ұйым ретінде оның техникалық жағдайын бақылауда ұстағанын айтты. Уақыт өте келе конструктивтік элементтердің жағдайы нашарлай бастағандықтан, тіреуіш және қоршау конструкцияларына кешенді техникалық зерттеу жүргізу қажеттілігі туындаған.

2023 жылы аккредиттелген ұйым ғимараттың техникалық жай-күйіне сараптамалық тексеру жүргізген. Оның нәтижесінде бірқатар ақау анықталған.

Атап айтқанда, темірбетон ригельдерінің бір бөлігінің жоқтығы, кейбір конструкциялардың ашық қалуы, жертөле қабатында темірбетон қабырғалардың болмауы, бағандардың түйіскен жерлеріндегі коррозия мен зақымдану, құрама темірбетон бағандардың қисаюы тіркелген.

Сонымен қатар ригельдердің бағандармен жалғанатын түйіндерінің бұзылғаны, ғимараттың кей бөліктерінде темірбетон ригельдерінің иілгені анықталған. Шатырдың металл конструкцияларында да коррозия мен жергілікті деформациялар болған.

ҚазҰУ өкілдері қасбеттің жылу оқшаулау қабатының бұзылғанын және осының салдарынан ғимараттың жылу сақтау қасиеті төмендегенін атап өтті.

Университет мәліметінше, анықталған ақаулар ғимараттың бастапқыда құрылыс нормалары мен талаптарын бұза отырып пайдалануға берілгенін көрсетеді.

ҚазҰУ өкілдері мұндай күрделі ақауларды ішкі әрлеу жұмыстарын бөлшектемей, көзбен анықтау мүмкін емес екенін айтты.

Қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкес, ғимараттарға жөндеу жұмыстары әр 3-5 жыл сайын, ал күрделі жөндеу кемінде 20-25 жылда бір рет жүргізілуі тиіс.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз