Әскери қызметшілерге берілетін әлеуметтік төлемдер ұлғайтылды
Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төленетін ақшалай үлес, жәрдемақы және өзге де төлемдер қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, тиісті бұйрық 21 сәуірден бастап күшіне енген.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, бюджеттен үнемделген қаражат есебінен әскери қызметшілерге берілетін материалдық көмек көлемі артқан. Енді төлемдердің ең төменгі мөлшері елдегі ең төменгі жалақы деңгейіне теңестірілді.
Министрлік мәліметінше, жақын туысы, жұбайы немесе қайын жұртынан туысы қайтыс болған жағдайда төленетін әлеуметтік көмек ең төменгі жалақының бес есесіне дейін өсіп, шамамен 425 мың теңгені құрайды.
Ал некеге тұру, бала туу немесе асырап алу, мүлікке залал келуі не емделу қажеттігі туындаған жағдайда 255 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем қарастырылған.
Ведомство бұл өзгерістер әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз