Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    9°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Шымкентте ағаш құлап, 10 жастағы бала қаза тапты: әкімдік комиссия құрды

Фото көзі: Баланың үстіне құлаған ағаш бұтағы: Куәгерлер ұсынған фото Otyrar.tv
ZontNews.kz
Ақп. 12, 2026, 10:10 Т.Ж.
0
21

Шымкент қаласында қолайсыз ауа райы салдарынан ағаш құлап, 10 жастағы бала көз жұмды. Қала әкімдігі марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді, Бұл туралы ZontNews.kz Otyrar телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдіктің хабарлауынша, қала әкімінің тапсырмасымен оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстары басталған. Қайтыс болған баланың отбасына қажетті қолдау көрсетілетіні айтылды. Сондай-ақ тұрғындар ауа райының қолайсыз кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылды.

Otyrar телеарнасының мәліметіне сүйенсек, қайғылы жағдай 11 ақпанда 11-ықшам аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Куәгерлердің айтуынша, сынған ағаш баланың басына тиген. Оқиғаны алғаш болып аула қызметкерлері байқап, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келген кезде бала оқиға орнында көз жұмғаны тіркелді.

Марқұм сол маңдағы үйлердің бірінде отбасымен тұрған, 4-сынып оқушысы болған.

Телеарна дерегінше, 11 ақпанға қараған түні Шымкентте жаңбыр жауып, кейін қарға ұласқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз