Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    7°C
    • Астана
      -3°C
Ру

Шортандыда балалар құқықтары тексерілді

Фото көзі: Фото: Видеодан скрин
ZontNews.kz
Ақп. 25, 2026, 3 Т.Қ.
0
14

Ақмола облысы Шортанды ауданы прокуратурасы жағдайы төмен отбасыларда тұратын балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша тексеріс жүргізді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Прокуратура мәліметінше, заңдылықты тексеру барысында ата-аналық міндеттерді орындамау фактілері анықталған. Бір отбасында төрт кәмелетке толмаған баланың қауіпсіз және тиісті өмір сүру жағдайлары қамтамасыз етілмеген, бұл олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Анасының тұрақты тұрғын үйі мен табыс көзі жоқ, полицияның есепте «Кәмелетке толмаған балалардың тәрбиесін орындамайтын, мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-ана» ретінде тұрған. Ол бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Балалар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия шешімімен анасынан оқшауландырылды. Прокуратура ата-аналық құқықтарынан айыру туралы сотқа жүгіну ұйымдастырды. Алғашқы кезеңде балалар уақытша аудандық ауруханаға орналастырылып, тексеру және қажетті медициналық шаралар жүргізілді.

Аудан прокуратурасының қызметкерлері балаларға қолайлы орта қалыптастыру үшін сыйлықтар табыс етті. Үлкен үш бала Балаларды қолдау орталығына, ал кіші бала Щучинск қаласындағы мамандандырылған балалар үйіне жіберілді.

Прокуратура кәмелетке толмағандарды орналастыру жағдайын бақылап, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жалғастыруда.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз