Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    1°C
    • Астана
      -21°C
Ру

Серік Сәпиев орынбасарымен болған қақтығысқа кінәлі деп танылды

Фото көзі: IG/ @serik_sapiev
Қаһар Бинахметов
Қаң. 28, 2026, 10:18 Т.Ж.
0
23

Қарағанды облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы жанжалға қатысты жүргізілген тексеріс аяқталды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің мамандары болған оқиғаны жан-жақты саралай келе, Олимпиада чемпионының іс-әрекетінде Әдеп кодексін бұзу белгілері бар деген қорытындыға келді.

Бұған дейін қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл оқиға бойынша облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеме жасап, шешім шығармас бұрын ресми тексеріс қорытындысын күтуді сұраған болатын. Бүгін жарияланған құжатқа сәйкес арнайы комиссия Сәпиевтің мемлекеттік қызметшіге тән емес мінез-құлық танытқанын растады.

«Басқарма басшысы С. Сәпиевтің іс-әрекетінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын бұзу белгілері анықталды. Бұл азаматтардың көз алдында мемлекеттік органның абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер жасау, ұжымда іскерлік және достық қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізбеу, сондай-ақ әріптесіне қатысты әдепсіздік пен дөрекілік таныту түрінде көрініс тапқан» – деп хабарлады тексеріс жүргізген департамент мамандары.

Аталған қақтығыстың екі тарапы да спорт әлемінде танымал тұлғалар. Серік Сәпиев 2012 жылғы Олимпиада чемпионы және бокстан екі дүркін әлем чемпионы болса, оның орынбасары Дәурен Есімханов самбо мен джиу-джитсудан әлем біріншіліктерінің жүлдегері.

Агенттік мамандарының тұжырымы бойынша басшы тарапынан жол берілген бұл заңбұзушылық мемлекеттік органның имиджіне кері әсерін тигізген. Қазіргі уақытта осы қорытынды негізінде тиісті процессуалдық шешім қабылдануы тиіс.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады