Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026 г.

$ 447.65
513.32
5.32
  • Алматы
    21°C
    • Астана
      12°C
Ру

Семейде студент өліміне күдікті ұсталды

Фото көзі: : Видеодан скрин
ZontNews.kz
Қыр. 23, 2026, 8:47 Т.Ж.

Семей қаласының шетінде 19 жастағы студент қыз пышақ жарақатынан қаза тапты. Қылмысқа күдікті ретінде 24 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ZontNews.kz. КТК арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Водный кентіндегі үйлердің бірінің маңында болған. Көршілер алдымен қыз бен жігіттің жанжалдасып жатқанын естіген. Кейін тұрғындар қанға боялып жерде жатқан қызды көрген. Оған сол жерде алғашқы көмек көрсетіліп, жүрегіне массаж жасалған.

«Аулада жүрген едім. Айғай-шу мен төбелес болғанын естідім. Қыз айғайлап жатты. Сыртқа шыққанымда, ол қанға боялып жерде жатты. Өңі бозарып кеткен. Оған жүрек массажын жасап жатты, ал жанында тұрған жігіттер жылап тұрды», – деді жергілікті тұрғын Ирина Лысак.

Оқиға болған жерден және оның маңынан қан іздері табылған. Жақын жердегі қоқыс жәшігінен қан жұққан медициналық қолғаптар мен мата да шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, олар қызға алғашқы көмек көрсету кезінде қолданылған.

Тұрғындардың айтуынша, жанжал кезінде жігіт қызға пышақпен шабуыл жасаған. Кейбір мәліметтерде күдіктінің марқұмның бұрынғы жігіті болғаны айтылады. Оқиғадан кейін ол қашуға әрекет жасап, қоршаудан асып кеткен.

«Бір жігіт жүгіріп келіп, менен көмек сұрады. Сыртқа шықсам, қыз пышақ жарақатынан қан-жоса болып жатыр екен. Артынша жедел жәрдем мен полиция келіп, бізді үйлерімізге қайтарды», – деді тұрғын Азамат Құжыкенов.

Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері қыздың өмірін сақтап қала алмады. Оның денесіне қанша пышақ жарақаты салынғаны әзірге хабарланған жоқ.

Марқұм жергілікті колледждің үшінші курсында оқыған. Оқытушылары оны тәрбиелі әрі үлгерімі жақсы студент ретінде сипаттады. Оның суреті оқу орнының Құрмет тақтасына ілінген. Қайғылы оқиға болған күні ол таңертең сабаққа барған.

«Әкімшілікпен бірге оның үйіне бардық. Ата-анасы Көкпекті ауылынан келді. Қыз Семейде туысының үйінде тұрған. Ата-анасына көңіл айттық», – деді «Қайнар» колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айман Смайлова.

Полицияның мәліметінше, 21 қыркүйекте адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Күдікті ауданның 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Семей қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Ержан Аққалиев.

Тәртіп сақшылары марқұм мен күдіктінің бұрыннан таныс болғанын мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз