Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026 г.

$ 447.65
513.32
5.32
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      18°C
Ру

Satbayev University проректоры ұсталды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Қыр. 24, 2026, 10:40 Т.Ж.

Алматыда Satbayev University проректоры Ержан Кульдеев ұсталды. Ол қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылып, әрекеті алдын ала пара беру ретінде сараланған, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, Кульдеевке сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік келтіріліп отыр. Істі ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп жатыр.

Ақпаратқа сәйкес, Ержан Кульдеев 7 қыркүйектен бастап қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған. Тергеу барысында оған өзге де баптар бойынша айып тағылуы мүмкін.

Ержан Кульдеев  Satbayev University-дің корпоративтік басқару және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректоры. Ол университетке шамамен 40 жыл бұрын студент болып түсіп, кейін осы оқу орнында оқытушылық және басшылық қызметтер атқарған.

Кульдеев техника ғылымдарының кандидаты, профессор, академик және Халықаралық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі. Ол Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

2026 жылғы сәуірде Ержан Кульдеев ғылым саласындағы жетістіктері мен жоғары білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз