Сәрсенбі, 6 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    19°C
    • Астана
      17°C
Ру

Сабынды ауылы тасқыннан аман қалды: тұрғындар әлі де қауіп сейілмегенін айтады

Фото көзі: : Ulysmedia.kz
ZontNews.kz
Сәуір 7, 2026, 9:44 Т.Ж.
0
16

Астана маңындағы Сабынды ауылы тұрғындары су тасқыны қаупін бастан кешірді. 5 сәуірге қараған түні қарғын су ауылға қауіп төндіріп, 1500-ден астам адам эвакуацияға дайын тұрған. Тек құтқарушылар мен жергілікті халықтың жедел әрекетінің арқасында су арнасы далаға бұрылып, ауыл аман қалды, деп хабарлайды ZontNews.kz. Ulysmedia.kz редакциясына сілтеме жасап.

Қазір жағдай біршама тұрақталғанымен, оқиға орнында құтқару қызметтері әлі жұмыс істеп жатыр. Ауыл маңында арнайы техника, өрт сөндіру құрылғылары мен барлау көліктері шоғырланған.

Ресми мәліметке сәйкес, су тасқынының алдын алу үшін жол деңгейін көтеру, топырақ бөгеттерін салу жұмыстары жүргізілген. Бұл жұмыстарға ондаған техника мен жүздеген адам жұмылдырылды.

Алайда жергілікті тұрғындар ақпараттың жеткіліксіз болғанын айтады. Олардың сөзінше, бастапқыда ешқандай нақты ескерту болмаған, тек кейін ғана бөгет жарылғаны хабарланып, құжаттарын жинап дайын болу сұралған.

Кейбір тұрғындар уақытша мектеп пен мешітке орналастырылса, енді бір бөлігі туыстарының үйін паналаған. Қазір олар жағдай толық тұрақталғанына сенімді емес.

Ауыл әкімі күтпеген жағдайдың себебін қардың көп түсуі, күннің күрт жылынуы және жаңбырмен байланыстырады. Оның айтуынша, мұндай ауқымдағы су тасқыны алдын ала болжанбаған.

Тұрғындардың бір бөлігі үшін бұл алғашқы тәжірибе емес. Олар өткен жылдардағы тасқындарды еске алып, табиғат күшінің алдында дәрменсіз екенін айтады. Соған қарамастан, ауыл халқы құтқарушылардың еңбегіне алғыс білдіруде.

Бұл жағдай елдегі су тасқынына дайындық мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарды. Қазір Астана мен ауыл арасындағы Қорғалжын тасжолы бойында кей жерлерді су басып, далада уақытша көлдер пайда болған.

Алдағы күндері жағдай қалай өрбитіні белгісіз. Тұрғындар үшін басты сұрақ – көктемгі тасқын толықтай сейілді ме, әлде қауіп әлі де бар ма.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз