Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    2°C
    • Астана
      -12°C
Ру

Ресейдегі «Северсталь» зауытында екі қазақстандықтың мәйіті табылды

Фото көзі: vologda.sledcom.ru
Қаһар Бинахметов
Қаң. 15, 2026, 11:34 Т.Ж.
0
13

Ресейдің Череповец металлургия комбинатының (ЧерМК) өндірістік алаңында екі Қазақстан азаматының мәйіті табылды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

«Северсталь» компаниялар тобына кіретін кәсіпорын аумағында қаза тапқандар мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері екені белгілі болды.

Оқиға 14 қаңтар күні тіркелді. Қазіргі уақытта екі ер адамның өліміне не себеп болғанын анықтау үшін кешенді тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кәсіпорын әкімшілігі мен құқық қорғау органдары оқиға орнында шұғыл шараларды бастап кетті.

«Оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлердің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз» – деп хабарлады «Северсталь» компаниясының баспасөз қызметі.

Ресей тергеу комитетінің Вологда облысы бойынша тергеу басқармасы бұл деректі растап, өндірістік алаңда жедел тергеу тобының жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Тергеу барысында еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы мен өлімнің нақты мән-жайы зерттелетін болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады