Референдумға арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісі бекітілді
Референдумның орталық комиссиясы жаңа Конституция жобасы бойынша дауыс беру кезінде қолданылатын бюллетеньнің нысаны мен мәтінін бекітті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ZontNews.kz
Комиссия мүшесі Михаил Бортниктің айтуынша, бюллетеньде мынадай сұрақ көрсетіледі:
«Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?»
Дауыс берушілерге екі жауап нұсқасы ұсынылады:
– «Иә, қабылдаймын»;
– «Жоқ, қабылдамаймын».
Сайлаушы таңдаған жауабын нұсқаның оң жағындағы бос шаршыға белгілеуі тиіс. Бюллетеньдерді әзірлеу кезінде офсеттік баспа әдісі қолданылып, арнайы қорғаныс шаралары қарастырылған. Сондай-ақ түсі, қарпі және өзге де техникалық параметрлері нақты айқындалған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз