Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    3°C
    • Астана
      -11°C
Ру

«Qarmet» активтерін жымқыру: Әнипа Назарбаеваның серіктесі 1,8 миллиард теңге шығын келтірді деген күдікпен қамауға алынды

Фото көзі: Жас Алаш газеті
Қаһар Бинахметов
Жел. 26, 2025, 12:44 Т.Қ.
0
32

Қаржылық мониторинг агенттігі «АлбаСтройДор» компаниясының директоры Сергей Кимді «Qarmet» (бұрынғы «АрселорМиттал Теміртау») кәсіпорнының мүлкін аса ірі көлемде жымқырды деп айыптауда. Сот шешіміне сәйкес күдікті екі ай мерзімге күзетпен қамауға алынды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Тергеу материалдарына қарағанда кәсіпкер 2015 жылы зауытпен жасалған қалдықтарды өңдеу туралы келісімшартты заңсыз пайда табу үшін қолданған. Ол өндіріс нысандарына кедергісіз кіру мүмкіндігін пайдаланып шойын мен өзге де металл бұйымдарын ұрлаудың жүйелі схемасын қалыптастырған. Қылмыстық әрекетті жүзеге асыру үшін кәсіпкер өзіне бағынышты күзет құрылымын тартып металл тиелген көліктерді зауыт аумағынан заңсыз шығарып отырған.

«Заңсыз әрекет салдарынан жалпы құны 1,8 миллиард теңгеден асатын 31 мың тоннадан астам өнім жымқырылды» – деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Ведомство мәліметінше ұрланған мүлік Сергей Кимнің бақылауындағы делдал компаниялар желісі арқылы нарықта өткізілген.

Сергей Кимнің есімі бұған дейін Алматыдағы «Кенжехан» базарына қатысты іскерлік дауларда жиі аталған болатын. Бұл сауда нысаны ұзақ уақыт бойы экс-президенттің қарындасы Әнипа Назарбаеваның ықпалында болған активтердің бірі ретінде танымал. Сонымен қатар «АлбаСтройДор» компаниясының бұрынғы иелерінің қатарында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ағасы Мырзахан Мәсімовтің болғаны анықталды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады