Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -2°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Президент еліміздің үздік педагогтеріне мемлекеттік наградалар табыстады

Фото көзі: : Ақорда
ZontNews.kz
Там. 26, 2026, 6:10 Т.Қ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 26 тамызда Республикалық Тамыз конференциясының пленарлық отырысында білім беру саласындағы ерекше еңбегі мен жоғары жетістіктері үшін бірқатар педагогке мемлекеттік наградалар табыстады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Марапатталғандардың қатарында мұғалімдер, тәрбиешілер, өндірістік оқыту шебері және білім саласындағы ғалымдар бар.

«Парасат» орденімен Алматы қаласындағы Математика және математикалық модельдеу институтының бас ғылыми қызметкері Мұхтарбай Өтелбаев марапатталды.

«Құрмет» орденіне Орал қаласындағы №3 «Зерде» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Зуря Үрнғалиева және Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің мұғалімі Марина Шерстобитова ие болды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен еліміздің әр өңірінен келген 11 педагог марапатталды. Олардың қатарында Маңғыстау, Павлодар, Атырау, Түркістан, Жамбыл, Ақмола, Абай, Астана және Жетісу өңірлерінің ұстаздары бар.

«Шапағат» медалі Қостанай, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарынан келген үш педагогке табысталды.

Сонымен қатар бес педагогке «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді. Аталған атаққа Алматы облысы, Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент және Қызылорда өңірлерінің мұғалімдері ие болды.

Мемлекет басшысы бұған дейін ұстаз еңбегінің ел болашағы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өткен болатын.

Президенттің айтуынша, мұғалімдер жас ұрпаққа сапалы білім беріп қана қоймай, саналы, озық ойлы және отаншыл азаматтарды тәрбиелеуге зор үлес қосып келеді.

Мемлекеттік наградалар – білім беру саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, кәсіби шеберлігімен және ерекше жетістіктерімен ерекшеленген педагогтердің еңбегіне берілген жоғары баға.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз