Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -2°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Президент бюджет жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

Фото көзі: Ақорда
Zontnews.kz
Там. 18, 2026, 12:40 Т.Қ.

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономиканы дамыту және бюджетті жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Мемлекет басшысына экономиканың қазіргі ахуалы, 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары және республикалық бюджет параметрлері таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы экономикалық өсім көрсеткіштеріне қол жеткізу және республикалық әрі жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Президент 2027-2029 жылдардағы бюджеттің негізгі басымдықтарының бірі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын жеделдету болуы керектігін айтты. Атап айтқанда, ауруханалар, балаларды оңалту орталықтары, мәдениет және спорт нысандарын салуға басымдық беріледі.

Кеңеске Премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Қаржы министрі Мәди Тәкиев және басқа да жауапты тұлғалар қатысты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз