Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      20°C
Ру

Президент бала қауіпсіздігіне қатысты жаңа бастамалармен танысты

Фото көзі: : © Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі
ZontNews.kz
Маусым 12, 2026, 12:30 Т.Қ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдап, елімізде балалардың құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпаратпен танысты, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Динара Зәкиева «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы биыл қабылданғанын айтып, оның аясында әлеуметтік қолдауды күшейтуге және бала құқықтарын қорғауға бағытталған 158 шара қарастырылғанын жеткізді. Құжат балалардың қауіпсіздігін арттыруға, олардың әл-ауқатын жақсартуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Оның айтуынша, 9 өңірде жүргізілген мониторинг нәтижесінде балалардың психологиялық жағдайына ерекше назар аудару қажеттігі анықталған. Осыған байланысты психологиялық қолдау орталықтарын құру және балалардың психоэмоциялық жағдайын бағалаудың бірыңғай бағдарламасын енгізу ұсынылып отыр.

Сонымен қатар, 111 байланыс орталығы мен мектептерде енгізілген QR-111 жүйесі арқылы балалармен тікелей кері байланыс жолға қойылған. 2024 жылдың қазанынан 2026 жылдың маусымына дейін осы жүйе арқылы 167 мың хабарлама мен 4 523 қоңырау түскен. Бұл құралдар балалар құқығының бұзылу жағдайларын дер кезінде анықтауға мүмкіндік беріп отыр.

Динара Зәкиева сондай-ақ 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға заңмен тыйым салу бастамасын ұсынғанын да атап өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз