Премьер-министр су ресурстары бойынша қатаң талап қойды
Үкімет отырысында көктемгі егістік жұмыстары мен су ресурстарын пайдалану мәселесі қаралды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Премьер-министр Олжас Бектенов елде су тапшылығының бар екенін атап өтіп, бұл жағдайды қатаң бақылауда ұстау қажеттігін айтты.
«Жалпы, су тапшылығы болады. Оны қазірдің өзінде көріп отырмыз. Сондықтан әр облыс үшін бекітілген лимиттерді қатаң бақылау керек. Министрліктің рұқсатынсыз бір тамшы су берілмеуі тиіс», – деді Бектенов.
Сондай-ақ жиында Су ресурстары министрінен Шардара су құбырының құрылысы туралы ақпарат сұралды. Ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов жобаның бір жарым ай ішінде аяқталатынын мәлімдеді.
«Жоспар бойынша 1 шілдеге дейін толық аяқталуы керек. Қаражат 100 пайыз қамтамасыз етілген», – деді министр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз