Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.85
513.27
5.31
  • Алматы
    24°C
    • Астана
      21°C
Ру

Павлодарда Ертіс өзенінің мұзына шығып кеткен 5 бала аман қалды

Фото көзі: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
ZontNews.kz
Наурыз 31, 2026, 3:34 Т.Қ.

Павлодар қаласында патрульдеу барысында ТЖД қызметкерлері Ертіс өзенінде болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алды. Құтқарушылар мұз жиегінде тұрған, өмірлеріне қауіп төндірген бес кәмелетке толмаған баланы байқады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шұғыл түрде шара қабылдап, балаларды мұздан алып шықты. Кәмелетке толмағандар ата-аналары келгенге дейін ТЖД бөлімшесіне жеткізілді.

Аталған факті бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналары ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз