Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері Астанаға келді
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанаға келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президентін әуежайдан қарсы алды, деп хабарлайды ZontNews.kz
Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келді. Ал Шавкат Мирзиёев елордада өтетін Ақаба процесі саммитіне қатысу үшін Астанаға ұшып жетті.
Айта кетейік, 6 қарашада Астанада Ақаба процесінің саммиті өтеді. Бұл халықаралық бастама 2015 жылы Иордания королі II Абдалланың бастамасымен құрылған.
Саммиттің негізгі мақсаты – терроризмге, экстремизмге және трансұлттық қылмысқа қарсы күресте мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі II Абдалланы да елорда әуежайынан қарсы алған болатын. Кейін Қазақстан Президенті Иордания монархын «Әл-Фараби» орденімен марапаттады. Өз кезегінде Абдалла II Қасым-Жомарт Тоқаевқа Иорданияның жоғары мемлекеттік наградасы – «Әл-Хусейн ибн Әли» орденін табыстады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз