Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -2°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Отбасы банк мыңдаған азаматты баспанамен қамтыды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Там. 28, 2026, 9:11 Т.Ж.

2025 жылдың басынан бері Отбасы банк тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған 39 536 қазақстандықтың баспаналы болуына көмектесті. Нәтижесінде жылдар бойы кезек күткен отбасылар жаңа пәтер мен үйлердің кілтін алып, қоныс тойын атап өтті, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Азаматтарға «2-10-20», «5-10-20», «Наурыз», өңірлік жастар бағдарламалары, «Әскери баспана», «Наурыз Жұмыскер», «Жасыл ипотека», «Жас отбасы» және банктің нарықтық бағдарламалары аясында тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі берілді. Несие мөлшерлемесі 3,5 пайыздан басталады.

2025 жылы баспана кезегінде тұрған 15 282 азамат тиімді шарттармен үйлі болды. Ал 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында тағы 10 854 қазақстандық банктің тұрғын үй бағдарламалары арқылы жеке пәтер немесе үй сатып алды.

Сонымен қатар, Отбасы банк ұлттық даму институты ретінде баспанаға аса мұқтаж азаматтарға 15 511 жалдамалы пәтер үлестірді. Бұл отбасылардың жайлы әрі қауіпсіз жағдайда өмір сүруіне мүмкіндік берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз