Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -1°C
Ру

ONAY ақауы метроны әбігерге салды

Фото көзі: : әлеуметтік желілер
ZontNews.kz
Қар. 9, 2026, 11:14 Т.Ж.

9 қараша күні таңертең Алматы метросында ONAY жүйесі арқылы QR-кодпен жол жүру ақысын төлеу уақытша тоқтап, станцияларда жолаушылар көптеп жиналды, деп хабарлайды ZontNews.kz 

Алматы метрополитенінің мәліметінше, техникалық ақау сағат 06:30-да басталған. Осы уақытта көлік және банк карталары, Apple Pay, Samsung Pay, сондай-ақ қағаз QR-билеттер арқылы төлем жасау қалыпты жұмыс істеген.

Сағат 09:30-да ақау толық жойылып, ONAY жүйесі арқылы QR-кодпен төлем жасау қайта іске қосылды. Метрополитен өкілдері жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұрады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Мақалада:

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз