Олжас Сүлейменов Нобель сыйлығына ұсынылмақ
Жазушы Олжас Сүлейменов Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Бұл бастаманы «Байтақ» партиясы есептік конференциясында жариялады. Партия Сүлейменовтің Семей ядролық полигонын жабуға қосқан үлесін негізгі жетістігі ретінде атады. Мәтінде «Олжас Сүлейменов тарихи үдерістерге ықпал етіп, ядролық қатердің алдын алды» деп көрсетілген. Партия өкілдері соңғы онжылдықта ядролық қауіп айтарлықтай өскенін де атап өтті.
«Байтақ» партиясы парламент пен үкіметтің қолдауын жинап, Нобель комитетіне ресми өтініш беруді жоспарлап отыр.
Ұсыныс мақұлданса, Сүлейменов АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен бір қатарда үміткерлер тізіміне енеді. Трампты Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити осы жылдың қазан айында ұсынған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз