Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    2°C
    • Астана
      -12°C
Ру

Олжас Бектенов нәтиже көрсетпеген министрлерге «ашық айтуды» бұйырды

Фото көзі: primeminister.kz
Қаһар Бинахметов
Қаң. 6, 2026, 5:38 Т.Қ.
0
19

Үкімет отырысында gремьер-министр Олжас Бектенов министрлер мен өз орынбасарларына президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбатынан туындайтын нақты міндеттерді іске асыруды тапсырды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Президент сұхбатында экономиканың өсімі, салық реформасы, туризмді дамыту және жол қауіпсіздігі сияқты стратегиялық басымдықтар айқындалған болатын.

Үкімет басшысы орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардан бюрократиялық рәсімдерді қысқартып, нақты іске көшуді талап етті. Бектенов бюджет қаражатын үнемдеу мен прагматикалық шешімдер қабылдаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Президенттің сұхбаты алдағы уақытта Үкімет үшін басты бағдар болады. Мем.органдар мен ұлттық компаниялар айтылған міндетті орындауға білек сыбанып кірісуі тиіс. Бюджетті барынша үнемдеп, нәтижеге қол жеткізіңіздер. Слайд пен баяндамаға мына заманда ешкімді таңғалмайды. Құр сөзден қуырдақ қуырғанды доғарыңыздар! Жаңа талапқа бейімделе алмасаңыздар, ашығын айтыңыздар. Бұл мәселені жеке қарастырамыз. Президенттің тапсырмасын орындауды өзімнің орынбасарларыма тікелей тапсырамын және үйлестіруін қадағалаймын» – деп мәлімдеді Олжас Бектенов.

Премьер-министр бағдарламалық сұхбатта қойылған міндеттердің жақын арада сапалы орындалуы қажет екенін ескертті. Ол өз орынбасарларына әр сала бойынша президент тапсырмаларының орындалуын тікелей үйлестіруді және қатаң бақылауға алуды жүктеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады