Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Олигархтардан тәркіленген пәтерлер саудаға шығарылды

Фото көзі: : e-qazyna.kz
ZontNews.kz
Қыр. 9, 2026, 4:22 Т.Қ.

Астанада мемлекет меншігіне қайтарылған активтер қатарындағы үш пәтер саудаға қойылды. Елордадағы элиталық тұрғын үй кешендерінде орналасқан нысандардың бастапқы бағасы 112,9 миллионнан 363,2 миллион теңгеге дейін жетеді, деп хабарлайды ZontNews.kz. Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ауданы 231 шаршы метр болатын пәтерлердің бірі Нұра ауданындағы Green Village тұрғын үй кешенінде орналасқан. Оның бастапқы құны – 114 миллион теңге.

Пәтер сарай үлгісінде безендірілген. Бөлмелерінде бағаналар, жапсырма өрнектер, камин және алтын түстес жиһаздар бар. Жуынатын бөлмесіне «Винни-Пух» кейіпкерлері бейнеленген мозаика салынған.

Тағы екі жылжымайтын мүлік нысаны «Парижский квартал» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Олардың ең қымбаты – ауданы 309,5 шаршы метр болатын екі деңгейлі пәтер. Нысанның бастапқы бағасы 363,2 миллион теңге деп белгіленген.

Бұл пәтердің интерьерінде де жапсырма өрнектер, камин, сәндік суреттер мен алтын түстес шүмектері бар сантехника орнатылған.

Ауданы 93 шаршы метр болатын үшінші пәтер 112,9 миллион теңгеге бағаланды.

Үш нысанды да Қайтарылған активтерді басқару компаниясы e-Qazyna порталы арқылы сатылымға шығарған. Сауда 22 қыркүйек күні сағат 10:00-де өтеді. Оған дейін әлеуетті сатып алушыларға пәтерлерді барып көруге мүмкіндік беріледі.

Жылжымайтын мүлік нысандары мемлекетке қайтарылған активтерді басқару және өткізу тетігі аясында сатылып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз