Наурыз мерекесі кезінде пойыздар құрамын ұлғайту жоспарланған
Наурыз мерекесі кезінде теміржол қозғалысына деген сұраныстың жоғары болуына байланысты қосымша электрпойыздар қатынайтыны және кейбір пойыздардың құрамын ұлғайту жоспарланғаны туралы хабарланды, деп хабарлайды ZontNews.kz
Мереке күндері келесі бағыттарда қосымша қала маңындағы пойыздар қатынайды:
2026 жылғы 20 және 21 наурыз – №7510 "Астана – Павлодар" электрпойызы;
2026 жылғы 25 наурыз – №7509 "Павлодар – Астана" электрпойызы;
2026 жылғы 25 наурыз – №6803/6804 "Астана – Атбасар" электрпойыздары;
2026 жылғы 25 наурыз – №887/888 "Нұрлы жол – Бурабай курорты" электрпойызы.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 20, 22 және 24 наурыз күндері №606/605 "Қарағанды – Балқаш" жолаушылар пойызына екі қосымша вагон (1 купе және 1 плацкарт) тіркеледі.
"Нәтижесінде жолаушыларға қосымша 2177 орын ұсынылады. Бұл мереке күндері теміржол тасымалына деген жоғары сұранысты қамтамасыз етіп, жолаушылардың сапарын барынша жайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.
Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз