Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    3°C
    • Астана
      -11°C
Ру

Мәскеуден кейінгі Ташкент бағыты: Назарбаев пен Мирзиеев телефон арқылы сөйлесті

Фото көзі: president.uz
Қаһар Бинахметов
Жел. 30, 2025, 9:02 Т.Ж.
0
24

29 желтоқсанда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен Қазақстанның экс-резиденті Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, екі ел халықтарына бақ-береке мен тыныштық тіледі.

Өзбекстан басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай келіссөз барысында Ташкент пен Астана арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастардың жоғары деңгейге көтерілгеніне басымдық берілді. Сондай-ақ негізгі салалар бойынша көпжақты ынтымақтастықтың тұрақты дамып келе жатқанына ризашылық білдірілді.

«Тараптар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастардың деңгейі жоғары екенін, сондай-ақ барлық негізгі салалардағы көпжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына ерекше ризашылық білдірді» – деп хабарлады Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік бұл байланыс Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуде Владимир Путинмен өткен жүздесуінен кейін орын алып отыр. Экс-президенттің Кремльге сапары Қазақстанда ішкі саяси талқылауларға ұласты. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи мемлекеттік құпияға қанық бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалардың шетелге шығуын шектеу туралы бастама көтерді. Депутат мұндай тұлғалардың қатарына Нұрсұлтан Назарбаевты да қосты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады