Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    2°C
    • Астана
      -12°C
Ру

Мұнай алпауыттары Қазақстанға 4 миллиард долларға дейін өтемақы төлеуі мүмкін

Фото көзі: ҚазМұнайГаз
Қаһар Бинахметов
Қаң. 27, 2026, 3:11 Т.Қ.
0
19

Лондон халықаралық арбитражы Қарашығанақ мұнай-газ жобасы бойынша Қазақстан үкіметінің уәждерін негізді деп тапты. Сот шешіміне сәйкес Eni, Shell және өзге де консорциум қатысушылары жоба аясындағы шығындарды есептеуде заң бұзушылықтарға жол берген, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Тергеу барысында сот серіктестердің мемлекет есебінен негізсіз шығындар мен расталмаған шығыстарды заңсыз өтеп келгені туралы Қазақстанның дәлелдерін қабылдады. Арбитраж бұл сомалар өнімді бөлісу туралы келісім аясында өтелуге жатпайтынын бекітті. Консорциум мүшелері талап қою мерзімінің өтіп кетуіне сілтеме жасап, жауапкершіліктен жалтаруға тырысқанымен, сот бұл уәжді қабылдамады.

«Әзірге төлемнің нақты сомасы анықталған жоқ. Дегенмен, алдын ала болжам бойынша, ол 2 миллиардтан 4 миллиард долларға дейін жетуі мүмкін. Қаражат мұнайды бөлу формуласын түзету арқылы бюджетке қайтарылады. Консорциумның әлі де апелляцияға беру мүмкіндігі бар» – деп хабарлады Bloomberg агенттігі.

Арбитраждық талқылауға Eni мен Shell-ден бөлек, жобаның өзге де ірі акционерлері Chevron, ЛУКОЙЛ және «ҚазМұнайГаз» қатысты. Процесс Лондон қаласында Стокгольм арбитражының ережелері бойынша өтті.

Бұл істен бөлек, Астана Қашаған жобасы бойынша да Eni компаниясына қарсы жаңа талап-арыз жолдады. Қазақстан мердігерлерді коррупциялық схемаларға қатысы бар деп айыптап, шамамен 15 миллион доллар өтемақы талап етуде. Бұл талапқа Италия мен АҚШ-тағы сот материалдары негіз болған. Даудың басты нысаны — бастапқыда 88 миллион долларға бағаланып, кейіннен 490 миллион долларға дейін негізсіз ұлғайтылған келісімшарт болып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады