Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    15°C
    • Астана
      17°C
Ру

Мұхтар Шаханов өмірден озды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Сәуір 20, 2026, 9:15 Т.Ж.
0
14

2026 жылғы 19 сәуірде қазақ руханияты орны толмас қазаға ұшырады – Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов дүниеден өтті. Қаралы хабарды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі растады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Министрлік марқұмның отбасы мен жақындарына, сондай-ақ барша қазақ жұртшылығына қайғыра көңіл айтты. Ресми мәлімдемеде Мұхтар Шахановтың ұлттық әдебиет пен қоғамдық ойдың дамуына қосқан өлшеусіз үлесі ерекше атап өтілді.

Мұхтар Шаханов – поэзияны азаматтық үнмен ұштастыра білген, шығармашылығымен қазақ әдебиетіне жаңа тыныс әкелген бірегей тұлға. Оның терең мазмұнға құрылған туындылары руханиятымыздың асыл қазынасына айналып, бірнеше буын оқырманның дүниетанымына әсер етті.

Ақын тек әдебиетпен шектелмей, қоғамдағы өзекті мәселелерге батыл үн қатып, ел тағдырына қатысты пікірін ашық білдіріп отырды. Оның әділет жолындағы табандылығы, өр рухы мен азаматтық ұстанымы халық жадында мәңгі сақталады.

Қазақ елі көрнекті қаламгерімен қоштасты. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз