Mellstroy Кипрден шыға алмай отырғанын айтты
Треш-стример Mellstroy Қазақстанның сұрауы бойынша Интерпол желісі арқылы іздеуде жүргенін мәлімдеді. Оның айтуынша, осыған байланысты ол Кипр аумағынан шыға алмай отыр, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Бұл туралы блогер Kick платформасындағы тікелей эфир кезінде хабарлады.
Mellstroy іздеудің себебін заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру ісімен байланыстырады. Ол интернетте өзі жарнамалаған онлайн казиноға қатысты тергеу құқық қорғау органдарының назарын аударғанын айтты.
Алайда блогердің бұл мәлімдемелері ресми түрде расталған жоқ. Ашық дереккөздерде Интерполдың іздеудегі тұлғалар базасында оның есімі жоқ. Уәкілетті органдар да оның халықаралық іздеуде жүргенін растаған жоқ.
Еске салайық, 2024 жылдың қарашасында Қазақстанда Mellstroy заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша сырттай қамауға алу туралы сот шешімінен кейін халықаралық іздеуге жарияланған. Тергеуге оның онлайн казиноны жарнамалауға қатысы себеп болған. Сонымен қатар блогердің кейбір материалдары Беларусь аумағында экстремистік деп танылған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз