Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -2°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Мектеп оқулықтары кезең-кезеңімен жаңартылады

Фото көзі: ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Шілде 16, 2026, 6:20 Т.Қ.

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқулықтарын жаңарту жоспарын жариялады, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Бұған дейін жүргізілген тексеру барысында оқулықтардан 700-ден астам қате мен ескерту анықталған. Қазір ведомство оларды түзету жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жоспарға сәйкес, 2026 жылғы 30 тамызға дейін 3-сыныптың негізгі пәндері мен 7-сыныптың «Дүниежүзі тарихы» оқулығы жаңартылады. 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін 4 және 9-сынып, ал 1 сәуірге дейін 8-сынып оқулықтары қайта әзірленеді.

Министрлік мәліметінше, оқулықтарды мұғалімдер Etandau.gov.kz платформасы арқылы таңдаған. Сондай-ақ өңірлердегі оқушы санының артуына байланысты мектептерге қосымша оқулықтар сатып алынады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз